12.08.2024, 10:30
Оқылды: 81

Еліміздің барлық өңірінде «10 жасыл күн» республикалық челленджі басталды

Аталған челлендж «Birgemiz: Taza Alem» жобасы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік жалпыұлттық қорымен «Тaza Alem» және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциялары аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

E888D08D-DEC1-4510-895E-755A17E5DAAD

Фото: министрліктен

«10 жасыл күн» атты челлендж аясында 10 күнде 10 эко әдеттер қалыптастыру жоспарланған. Оның ішінде «Эко сөмке уақыты», «Жаяу жүріңіз», «Жалпы энергия үнемдейтін шам», «Суды үнемдеу», «Қоқыс сұрыптау» және т.б бағыттары қарастырылған.

Челлендждің негізгі мақсаты – азаматтардың экология саласына, оның ішінде қоршаған ортаны қорғаудағы волонтерлік қызметке қатысуға деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ табиғаттағы тазалықтың сақталуын қамтамасыз ету және елді мекендерді абаттандыруға бағыттау.

Қатысушылар #10ZHASYLKÚN  челлендж хэштегтерін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде «10 жасыл күн» аясын  фотосуреттерін немесе бейнелерін бөлісуі және @birgemiz_taza_alem2022 ұйымдастырушылар парақшасын белгілеу қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале