28.07.2023, 10:00
Оқылды: 16

Еліміздің колледждеріне құжаттарды қабылдау жалғасып жатыр

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің дерегі бойынша, колледждерге құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 20 тамызына дейін жалғасады.

fa891eb361ffa29708298f1e71cb4139_1280x720

Биыл мемлекеттік білім берудегі тапсырыс көлемі 50 мың орынға артты.

Жалпы колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға бағытталып, геология, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, Құрылыс және коммуналдық шаруашылық және тағы басқа бағыттар бойынша ұлғайтылды.
Сондай-ақ өткен жылдан бастап кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлау енгізілді. Бұл ретте жұмыс беруші практиканы ұйымдастыру және колледж түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру міндеттемесін өзіне алады. Биыл кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қосымша 10 мың студент қабылдау жоспарланып отыр.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале