18.08.2023, 9:45
Оқылды: 50

Еліміздің мектептерінде 1700 пәндік кабинет ашылады

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
msg-1309508988-6708

2023-2024 жаңа оқу жылында 1000 пәндік кабинет ашу жоспарланып отырса, қосымша тағы 749 кабинет сатып алынбақ.

- Жыл сайын мемлекет тарапынан мектептердің құрылысы мен оларды жаңарту жұмыстарына қаржы бөлініп келеді. Соңғы үш жылдың өзінде 340 мың орындық 626 мектеп пайдалануға берілді. 2023-2024 оқу жылында 132 мың орындық 154 жаңа мектепті іске қосу жоспарлануда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл аяғына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдардағы 1000 мектеп 6 бағыт бойынша жаңғыртылады. Күрделі және ағымдағы жөндеу  жүргізіледі. Пәндік кабинеттермен жабдықталады, мектеп, кітапхана, асханалардың жиһаздары жаңартылады, сондай-а  балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, - деді оқу-ағарту вице министрі Еділ Оспан.

Сонымен қатар бүгінде инклюзияны қолдаудың 5 кабинеті пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін тағы 37, ал 2027 жылға дейін 200 жаңа кабинетті ашу жоспарланған. Еліміздің мектептерінде инклюзияны қолдау бойынша барлығы 646 кабинет жұмыс жасайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале