4.11.2025, 18:00
Оқылды: 49

Еліміздің өңірлеріндегі су тасқынына қарсы және дайындық жұмыстары

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғын үй аумақтары мен инфрақұрылым нысандарын су басу қаупінен қорғау, - деп жазады Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

_gluster_2025_10_29_0849dab3e2965d5c56776ae97720ce12_1280x720

Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған кешенді инженерлік жұмыстар жүргізілді. Белгіленген міндеттерді орындау үшін өңірдің ТЖД теңгеріміндегі мемлекеттік материалдық резервте тұрған броньнан шығарылған арнайы экскаваторлар мен бульдозерлер тартылды.

Бұл техниканы пайдалану арқылы Қаратөбе ауданында Жақсыбай өзенінің 210 метр арнасы тазартылды, Шыңғырлау ауданында Ілек өзенінің 1,1 км жағалау бөлігі нығайтылды. Сонымен қатар Қайынды өзенінің 200 метр арнасы тазартылып, Теректі ауданының Долин ауылында 400 шаршы метр су арнасы тазалау жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік материалдық резервтен бөлінген техника су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыруда, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және су басу қаупін азайтуда маңызды рөл атқарады.

Ақтөбе облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бүгінгі таңда ұзындығы 2,2 км қорғаныш құрылыстарын жөндеу және нығайту жұмыстары орындалды, ұзындығы 4,5 км арық жүйелері тазартылып, 2 шақырым өзен арналарының жағалаулары бекітілді, сондай-ақ жалпы ұзындығы 3 км өзен арналары тазартылды.

Жүргізілген іс-шаралар су басу қаупін азайтуға, еріген қар суын кедергісіз өткізуге және өңірлердің көктемгі кезеңге дайындығын арттыруға бағытталған. Дайындық жұмыстары облыстардың әкімдіктері мен тиісті қызметтердің бақылауында, бекітілген жоспарларға сәйкес орындалуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале