5.07.2024, 11:15
Оқылды: 79

Еліміздің төрт қаласында террористік қауіптің «сары» деңгейі алынды

ШЫҰ-ның саммитті тәмамдалып, елорда тұрғындары қалыпты өмірге қайта оралып жатыр. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

жп астана (19)

Еліміздің 4 қаласында, Астана, Алматы, Қарағанды мен Көкшетауға енгізілген террористік қауіптің «сары» деңгейі алынды. Бұл режим 3-4 шілде күндері ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты қабылданған еді.

Сондай-ақ алқалы жиын кезінде қозғалысы өзгерген автобус бағыттары қайта қалпына келді.

Айта кетейік, соңғы 2 күнде елордада 32 қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгеріп, кейбірінің жұмысы шектелген болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале