11.09.2023, 16:30
Оқылды: 31

Еліміздің тұрғындары ауқымды сейсмикалық жаттығуларға қатысуда

Бүгін «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында сейсмикалық қауіпті өңірлердің тұрғындарымен сейсмикалық жаттығулар өткізілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

6E02D8E5-2BD2-44FE-BCA3-F2B88AC0E5D9

Қазақстанда сейсмикалық қауіпті тоғыз өңір бар. Бұл Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары.

Сейсмикалық жаттығулар барысында тұрғындарға жойқын жер сілкінісі кезіндегі мінез-құлық ережелері түсіндірілді. Қауіпсіз орындарды анықтау, зардап шеккен халықтың қабылдау пункттеріне жиналу, қауіпсіз аудандарға бару маршруттары сияқты кейбір іс-әрекеттер іс жүзінде пысықталды.

«Тұрғындарға төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс іс-әрекеттер сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды қорғауға көмектесетінін еске саламыз. Балаларға жер сілкінісі кезіндегі ережелерді үйретіңіздер.

«Баршаның назарына!» сигналын естіген кезде сабыр сақтаңыздар. Мүмкіндігінше ғимараттан шұғыл түрде шығу қажет. Лифтті пайдалануға болмайды. Егер ғимараттан өзіңіз шыға алмасаңыз, сізге қауіпсіз жерді паналау қажет: негізгі, тіреу қабырғалардың бұрыштары. Терезелерден, люстралардан алыс тұрыңыз. Газды, суды және электр қуатын өшіріңіз.

Электр желілерінен, ағаштар мен ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаң көшедегі қауіпсіз орын болып табылады. Жойқын жер сілкінісі туындаған жағдайда зардап шеккен халықты қабылдау пункттері орналастырылады.

Өз үйіңізге жақын пункттің қай жерде орналасқаны туралы ақпаратты ТЖМ бөлімшелері мен әкімдіктерден білуге болады», делінген хабарламада.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале