12.07.2023, 16:30
Оқылды: 42

Елорда тұрғыны психотроптық затпен ұсталды

"Қарасора-2023" және "Допинг" операциясы шеңберінде Көкшету облысы орталығының аумағында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын тікелей байланыссыз тәсілмен тарату үшін Көкшетау қаласына арнайы келген 23 жастағы Астананын тұрғынын ұстады.

InShot_20230712_111927925

Мефедрон психотроптық заты бар 17 түйіншек тәркіленді. Сонымен қатар ұсталған адам жедел қызметкерлерге есірткіні құпия орындарына жасырып үлгерген жерлерді көрсетті.

Нәтижесінде, жігіттен салмағы 20 граммнан асатын 20 түйіншек және ұялы телефон тәркіленді, оның көмегімен есіркіні жасырын салу фото есептерін жасаған.

ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Күдікті Көкшетау қаласының УҰИ-ға қамалды.

POLICE_of_KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале