Экспозициялық бөлімнен бөлек, келуші қонақтар үшін түрлі тақырыптағы дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізілді.
Аталған шараға қатысты еліміздің Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев өз пікірін білдірді.
-Бүгінгі көрме қаламыздың тарихында бірінші рет өткізіліп отыр. Бұл өте маңызды іс-шара. Жалпы KIOGE конференциясы 1993-ші жылдан бері Алматыда өткізіліп келеді. Биылдан бастап әр екі жыл сайын елордамызда өткізілетін болды. Бүгінгі таңда көрмеге 9 мемлекет қатысып отыр.Оның ішінде 120 астам компания өкілдері бар. Меніңше мұндай іс-шараның болашағы зор. Неге десеңіздер, бас шаһарымызда бірінші рет ұйымдастырылғаннан кейін компаниялар саны аз көрінуі мүмкін. Дегенмен, болашағы зор деп ойлаймын, -деді министр.
Сонымен қатар Энергетика министрі KIOGE көрмесінің елімізге берер пайдасын айтты.
- Пайдасы мол. Біріншіден, біздің елімізге жаңа технологияларды тарту. Екіншіден, өзіміздің жергілікті компаниялардың жаңа байланыстарды, қарым-қатынастары нығайа түседі, -дейді Мағзұм Мырзағалиев.
BAQ.KZ