6.10.2021, 11:15
Оқылды: 126

Елордада KIOGE-2021 халықаралық көрмесі өтті

Бүгін Нұр-Сұлтанда «Мұнай және газ» тақырыбында халықаралық көрме ұйымдастырылды. Шараға Бахрейн, Беларусь Республикасы, Ұлыбритания және Германия, Нидерланды, Ресей, Хорватиядан 156 компания қатысуда. Көрмеде ҚазМұнайГаз, Каспий Құбыр Консорциумы, ТШО, Лукойл, Татнефть, ТМК сияқты ірі компаниялар көпшілікке өз стендтерін ұсынды. Экспозицияның жалпы ауданы 2700 шаршы метрді құрайды.

ab32d01dee431259ba617c81d5ec20dd

Экспозициялық бөлімнен бөлек, келуші қонақтар үшін түрлі тақырыптағы дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізілді.

Аталған шараға қатысты еліміздің Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев өз пікірін білдірді.

-Бүгінгі көрме қаламыздың тарихында бірінші рет өткізіліп отыр. Бұл өте маңызды іс-шара. Жалпы KIOGE конференциясы  1993-ші жылдан бері Алматыда өткізіліп келеді. Биылдан бастап әр екі жыл сайын елордамызда өткізілетін болды. Бүгінгі таңда көрмеге 9 мемлекет қатысып отыр.Оның ішінде 120 астам компания өкілдері бар. Меніңше мұндай іс-шараның болашағы зор. Неге десеңіздер, бас шаһарымызда бірінші рет ұйымдастырылғаннан кейін компаниялар саны аз көрінуі мүмкін. Дегенмен, болашағы зор деп ойлаймын, -деді министр.

665215c5777c8c637886ef483fc5ca38

Сонымен қатар Энергетика министрі KIOGE көрмесінің елімізге берер пайдасын айтты.

- Пайдасы мол. Біріншіден, біздің елімізге жаңа технологияларды тарту. Екіншіден, өзіміздің жергілікті компаниялардың жаңа байланыстарды, қарым-қатынастары нығайа түседі, -дейді Мағзұм Мырзағалиев.

BAQ.KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале