Елордада «Омикрон» штаммы Sars-Cov-2 вирусының таралуына байланысты қаладағы эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналының мәліметтеріне қарағанда, өткен екі аптада вирус күніне 80 адамнан анықталып жатты. Соңғы бес күнде аурушаңдық деңгейі 5,5 есеге артты. Репродуктивті саны-3,2 . Үлес салмағы – 376,6 құрайды. Бүгінде жаңа жағдайларды тіркеу саны 1442-ге жетті.
Қаңтардың алғашқы 10 күнінде барлығы 4622 жағдай тіркелді, бұл өткен желтоқсан айының барлық көрсеткіштерінен 1,7 есеге артық екенін көрсетіп тұр. Өткен жылдың желтоқсан айының соңында жүргізілген молекулярлық-генетикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша бір сынамада КВИ-дың іріктелген 25 оң сынамасынан «Омикрон» штамы анықталды. Бұл жағдай 16 желтоқсанда шетелден келген қала тұрғынынан да анықталды. Ол ПТР тестінің теріс нәтижесімен келді, бірақ 22 желтоқсанда тамақ ауруымен медициналық көмекке жүгінді, содан кейін тексеріліп, оң материалды біз тексеріске жібердік. Мұндай күрт өсудің негізгі себептерінің бірі – «омикрон» коронавирусының жаңа штамының таралуы және азаматтардың қала бойынша белсенді қозғалысымен байланысты. Сонымен қатар қорғаныс шараларын елемеуі, чғни маска тақпау, адамдар көп жиналатын жерлерге баруы себеп болып отыр.
«Егер сізде ПТР тесті оң болса немесе сіз науқастармен тығыз байланыста болсаңыз, онда сіз үй карантинінде болуыңыз керек, өйткені сіз басқаларға үлкен қауіп төндіруші екенін ұмытпауды сұраймыз»,-делінген хабарламада.