26.10.2023, 12:30
Оқылды: 54

Елордада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық Х саммиті өтеді

Биылғы 1 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Президенттің баспасөз қызметі бұдан басқа бірнеше жаңалықпен бөлісті.

жп астана (1)

Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.

2 қарашада Астана қаласына Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан ресми сапар жасайды

Сапар барысында тараптар Қазақстан мен Мажарстанның сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастығын одан әрі кеңейтуге қатысты келісөз жүргізеді деп жоспарланып отыр.

3 қарашада елордада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммиті өтеді.

Жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан президенттері, сондай-ақ ТМҰ-ға бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстан көшбасшылары қатысады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале