29.07.2022, 12:45
Оқылды: 46

Елордада заңсыз жолаушы тасымалдаған такси жүргізушілері ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласында құжатсыз адам тасымалдаған 26 такси жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

WhatsApp Image 2022-08-01 at 12.11.31

Фото дереккөзі: kosshy.kz

Олардың ішінде Өзбекстан мен Тәжікстанның 3 азаматы бар. Шетелдіктердің заңсыз әрекеттерінен соң әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер тұраққа қойылған.

Айта кету керек, қазір Нұр-Сұлтанда «Қауіпсіз жол» айлығы өтіп жатыр. Шара басталғалы 3 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталыпты. Оның 39-ын қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған.

- Қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 500-ден астам жүргізуші, маневр жасау ережесін бұзғаны үшін 100-ден астам, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткені үшін 168 және қарсы жолаққа шыққаны үшін 22 жүргізушіге айыппұл салынды. Сондай-ақ бейнебақылау камералары жол ережесін өрескел бұзу фактісін тіркеді. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотқа жолданды, - деді қалалық ПД ресми өкілі Эльмира Шәуленова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале