18.01.2023, 11:00
Оқылды: 32

Еңбек даулары назарда

Кеше Бөрлі ауданы әкімдігінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, құқық қорғау органдары, КПО компаниялары және 38 мердігер компания өкілдерінің қатысуымен өткен жиналыста инфляция бойынша жалақыны индекстеу және еңбек қатынастары қаралды.

WhatsApp Image 2023-01-16 at 13.43.21

Талқылауға облыс прокурорының орынбасары Нұрлан Ерманов, ҰҚК БҚО бойынша департаментінің бірінші орынбасары Қайрат Отаров, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Асылұлан Досжанов және Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов қатысты.

- Өткен жылы инфляция шамамен 20% деңгейінде қалыптасты. Бізде жалақыны инфляция деңгейінде көтеретінін растаған бірқатар мердігерлік ұйым бар. Алайда, өкінішке орай, бүгінгі күні олардың көпшілігінен еңбекақыны көтеру жүргізілетіні туралы ресми расталған дәлелдер жоқ, - деді КПО компаниясының өкілі Эльдар Имашев.

Оның айтуынша, Қарашығанақ жобасында барлығы 19,5 мың қызметкер жұмыс істейді. Бірақ мердігер компаниялардың тек 23% ғана ұжымдық шарттар жасаған.

Талқылау барысында ірі мердігер компаниялардың өкілдері қызметкерлер саны, орташа жалақы және оны арттыру шаралары туралы ақпарат берді. Мысалы, «АқсайГазСервис» АҚ-да 1785 адам еңбек етеді. Оның 1464-і тікелей Бөрлі ауданының тұрғындары. Жалақы уақтылы төленеді, көтеру жоспарға сәйкес жүргізіледі. Компания өкілінің айтуынша, наразылық ошақтары байқалмайды. «Телеманус» компаниясы да жалақыны көтерген. Мұнда 230 адам жұмыс істейді. Индекстеу өткен жылдың желтоқсан айында жүргізілген. Орташа жалақы шамамен 300 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ «Батысмонтажстрой» ЖШС 15-тен 20% - ға дейін жалақыны индекстеуді жүргізген. Штатта 234 адам бар, тағы 87 адам келісімшарт бойынша жұмыс істейді. Бұл туралы компания өкілі баяндады.

IMG-20230117-WA0056

БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов мердігерлер өкілдерінің назарын жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасындағы өзара іс-қимылдағы кемшіліктерге және олардың нәтижесінде еңбек даулары пайда болатынына аударды. Ол сондай-ақ әрбір жұмыс беруші өз бюджетін инфляцияны ескере отырып индекстеуді енгізу арқылы алдын ала жоспарлауы керек екенін атап өтті. Ұжымдық шарттар жасасуға аса назар аудару жөнінде ұсыныстар берілді.

- Біз әрқашан еңбек қатынастарын реттеу бойынша барлық жұмыс қандай да бір жағдайлар туындағаннан кейін, жұмысшылардың өтінішінен кейін, яғни фактіден кейін жүргізіледі деп айтамыз. Бүгінгі таңда еңбек заңнамасы қызметкерлердің де, жұмыс берушілердің де барлық құқықтарын толығымен қамтиды. Екі тарап та өз құқықтарын қорғау шеңберінде белгілі бір шаралар қабылдауға міндеттейтін құжаттар бар, – деп атап өтті еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Асылулан Досжанов.

Ол іс-қимыл алгоритмін егжей-тегжейлі түсіндіріп, туындаған барлық дауларды сотқа жеткізбестен шешуге болатындығын көрсетті.

Сондай-ақ, облыстық еңбек инспекциясы басқармасы компания қызметкерлерінің өтініші бойынша тағайындалған "KSS SICIM" ЖШС еңбек заңнамасының сақталуына тексеру ашты.

IMG-20230117-WA0059

Мария Пирог, 

Бөрлі ауданы,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале