7.06.2023, 17:45
Оқылды: 37

Еңбек инспекторлары 12 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша 2023 жылғдың 1 маусымдағы мәліметіне сүйенсек, Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 481 кәсіпорында 15,3 мың жұмыскердің алдында 2,8 млрд. теңгеден астам жалақы бойынша берешекті анықталған.

акша1

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 570 нұсқама беріліп, 78,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 12,7 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды.

Оларға 2,3 млрд теңге төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале