2.11.2022, 12:00
Оқылды: 73

Еңбек министрлігі адам саудасымен күреске жауапты уәкілетті орган болады

Адам саудасымен күресетін уәкілетті орган ретінде екі бірдей министрлік бекітілуі мүмкін. Ішкі істер министрлігі әзірлеп жатқан «Адам саудасына қарсы күрес туралы» заң жобасында осындай нормалар бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның мәліметі бойынша, Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялардың құқықтық мәртебесі артпақ.

«Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық және өңірлік комиссиялардың құқықтық мәртебесі бекітіледі. Оларға осы саладағы қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал ету құзыреті беріледі. Олардың Үкімет деңгейінде ұсыныстары ескеріледі. Бұл нақты мерзімдер, орындаушылар және жауапкершілік деген сөз», - деді ведомство басшысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале