6.05.2026, 9:45
Оқылды: 15

Еңбек министрлігі жасанды интеллект көмегімен әлеуметтік мекемелердегі қауіпсіздікті арттыруды жоспарлауда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда интеллектуалды бейнебақылау жүйесін енгізуді көздейтін жобаны әзірледі.

_gluster_2026_5_6_6da1f472210651748a0d6547b086afde_1280x720

Жаңашылдықтың басты мақсаты – стационарлық және жартылай стационарлық ұйымдарда қызмет алатын азаматтардың қауіпсіздігін күшейту. Осы бағытта ведомство «ProtectorAI» жүйесін енгізуді жоспарлауда. Бейнені талдауға арналған интеллектуалды жүйе әлеуметтік мекемелер аумағында қызмет алушыларға қатысты агрессивті мінез-құлықты, буллингті және өзге де қауіп-қатерлерді ерте анықтауға мүмкіндік береді.

Жобаға сәйкес, жаңа үлгідегі бейнебақылау жүйелері ұйым аумағын, негізгі және қосалқы кіреберістерді, ортақ пайдаланылатын бөлмелер мен кабинеттерді, сондай-ақ қойма үй-жайларын міндетті түрде қамтитын болады.

Құжатта әлеуметтік мекемелер қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылған. Ережелерге сәйкес, жақын туыстарының ресми өтініші негізінде оларға бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарау мүмкіндігі беріледі.

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №230 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, талқылауға ұсынылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале