2.06.2022, 16:00
Оқылды: 51

Еңбек ұжымдары Конституциялық өзгерістерді қолдайды

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар өңірдегі іссапары барысында Оралдағы "Uniserv" ЖШС өнеркәсіптік аймағында болды. Серіктестіктің құрылтайшысы Нұрғазы Сәтбаев қонақтарды мекеменің жұмыс барысымен таныстырды. 

WhatsApp Image 2022-06-02 at 15.30.15

Өнеркәсіптік аймақтың қызметімен танысқаннан кейін депутат ұйымның қызметкерлерімен кездесіп, 5 маусымда бүкілхалықтық референдумда қазақстандықтар "жақтап" немесе "қарсы" дауыс беретін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсініктемелер берді.

- Конституциялық реформа әрбір қазақстандыққа қатысты, сондықтан әрбір азамат белсенді араласып, өзінің азаматтық ұстанымын көрсетіп, референдумға қатысу қажет. Ел тағдырына бей-жай қарамай өз үлестеріңізді қосуға шақырамын, - деді депутат М.Құлшар.

WhatsApp Image 2022-06-02 at 16.30.14

Сондай-ақ мәжілісмен өз сөзінде Президенттің саяси жаңғыртуға қатысты бастамалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Алдағы Республикалық референдумның маңыздылығын атап өтті. Олардың пікірінше, конституциялық реформаның нәтижесі суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу болады. Сондай-ақ бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейту, Жаңа Қазақстан – бұл, ең алдымен, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейту, - деп қызметкерлерге өз көзқарасы мен мысалдарды жеткізді депутат.

WhatsApp Image 2022-06-02 at 16.30.15

Өз кезегінде қызметкерлер өздерін толғандыратын мәселелері мен ұсыныстарын да айтты. Талқылау барысында «Иә, шын мәнінде, жаңа Қазақстан әділ болуы тиіс. Әділдік бар жерде  билікке деген сенім және жақсы өмір, еңбекке тең қолжетімділік, ең бастысы, саяси партиялар арасында бәсекелестік, әрбір қазақстандықтың лайықты үлесі болады», - деді кәсіпорынның құрылтайшысы Н.Сәтбаев.

Кездесу соңында Мәлік Құлшар кездесуге қатысушыларға талқылауларда көрсеткен белсенділігі үшін алғыс айтып, азаматтық борышын өтеп, еліміздің дамуына үлес қосуға шақырды.

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале