31.01.2022, 10:29
Оқылды: 29

"Еңбекақыны арттыру бойынша ұсыныстар беретін болды" 

Сенбі күні облыс әкімі Ғали Есқалиев КПО б.в. компаниясында және оның мердігерлік ұйымдарында еңбек қатынастары мәселелері жөніндегі үшжақты комиссияның отырысын өткізді.

E2D58D0E-2894-44B0-A7F1-A81660C92ADA

Онда компаниялардағы жұмысшылардың жалақысын көтеру, еңбекақы төлеу және басқа да сыйақы түрлері туралы мәселе қаралды. Сондай-ақ жергілікті мамандардың санын арттыру және қазақстандық бизнесті қолдау, ұжымдық шарттардың сапасын жақсарту және кәсіподақтардың жұмысын жандандыру қажеттілігі туралы сөз болды.

0885AD9C-4588-4B45-A9C1-8AC19BDC2DFC

Облыс әкімі ірі мердігерлік компаниялардың басшылық құрамынан тікелей БҚО аумағында тұратын, қазақ тілін білетін, жедел шешім қабылдауға өкілеттігі бар адамдарды анықтауды талап етті.

7C918060-A9C8-454D-B1E0-5A5BEE1DBC48

Сондай-ақ облыс әкімдігі осы өңірдің тұрғындарына жауапкершілікпен қарайтын және жергілікті бюджетке салық төлейтін компаниялардың ғана өндірістік мәселелерін шешуге жәрдемдесетін болады.

Өкінішке орай, өңірдің инфрақұрылымын пайдаланатын, облыс экологиясына зиян келтіретін, сонымен қатар бас кеңселері басқа өңірде орналасқан бірқатар компаниялар бар. Мұндай компанияларға БҚО-да филиалдарын немесе өкілдіктерін ашу ұсынылды.

1ADBBC59-ABE9-487D-8862-BBBE6C2E645B

Комиссия құру туралы шешім қабылданып, оған КПО б.в.сияқты бірқатар ірі мердігерлер, облыс әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия 2 апта ішінде мердігер ұйымдардағы еңбекақы деңгейіне талдау және жалақысы төмен қызметкерлер үшін еңбекақыны арттыру бойынша ұсыныстар береді.

Комиссияның тағы бір міндеті Қарашығанақ кен орнында жұмыс істеу үшін жергілікті кадрларды даярлау жөніндегі ұсыныстарды дайындау болады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале