14.03.2023, 13:00
Оқылды: 50

Enbek.kz порталында 29 наурыз күні бос орындар жәрмеңкесі өтеді

2023 жылғы 29 наурызда Enbek.kz Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі – ЭЕБ)  алаңында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бос жұмыс орындарының республикалық онлайн-жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

3fc89e65a1b027b0e9e21ce1d67f4ca1_1280x720

Жәрмеңкеге қатысуға еліміздің әртүрлі өңірлерінен 20-дан астам ірі жұмыс берушілер өтінім берді, олардың арасында ERG, Polymetal International plc компаниялар тобының кәсіпорындары, «KAZ Minerals» ЖШС, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС, «АК АЛТЫНАЛМАС» АҚ және басқалары бар.

Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өз компанияларының онлайн-тұсаукесерін өткізеді, қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынады және ең қолайлы кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады. Өтініш берушілер өз кезегінде ұйымдардың HR-менеджерлерімен сөйлесе алады, әңгімелесуден өтіп, оларға қызықтырған сұрақтарын қоя алады.

Іс-шараға қатысу үшін Enbek.Tanda порталында арнайы бөліміне кіру керек, онда жұмыс іздеушілер жұмыс берушілер туралы қысқаша ақпаратпен танысып, қолжетімді бос жұмыс орындарын көре алады және оларға жауап бере алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале