2023 жылғы 29 наурызда Enbek.kz Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі – ЭЕБ) алаңында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бос жұмыс орындарының республикалық онлайн-жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Жәрмеңкеге қатысуға еліміздің әртүрлі өңірлерінен 20-дан астам ірі жұмыс берушілер өтінім берді, олардың арасында ERG, Polymetal International plc компаниялар тобының кәсіпорындары, «KAZ Minerals» ЖШС, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС, «АК АЛТЫНАЛМАС» АҚ және басқалары бар.
Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өз компанияларының онлайн-тұсаукесерін өткізеді, қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынады және ең қолайлы кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады. Өтініш берушілер өз кезегінде ұйымдардың HR-менеджерлерімен сөйлесе алады, әңгімелесуден өтіп, оларға қызықтырған сұрақтарын қоя алады.
Іс-шараға қатысу үшін Enbek.Tanda порталында арнайы бөліміне кіру керек, онда жұмыс іздеушілер жұмыс берушілер туралы қысқаша ақпаратпен танысып, қолжетімді бос жұмыс орындарын көре алады және оларға жауап бере алады.
9:311.07.2023
Азаматтардың кейбір санаттары үшін жәрдемақы мөлшері 14,5%-ға артты
9:1521.06.2023
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,3 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді
15:4523.05.2023
Әлеуметтік топтаманы монетизациялау нәтижесінде АӘК алушы отбасыларға қосымша 2,6 миллиардтан астам теңге төленді
12:4516.05.2023
Еңбекмині мен МКК «Яндекс.Таксимен» платформалық жұмыспен қамту бойынша пилоттық жобаны іске асыруға кірісті