3.08.2023, 11:30
Оқылды: 14

«Еңбектің наны тәтті»

«Еңбекке – жастан, өнерге – бастан» деп бекерге айтылмаса керек. Ауылымызда ашылған «Ақберен» комьюнити орталығында балалар өздерінің қызығушылықтарына қарай түрлі үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын мәнді өткізуде.

енбектин наны татти

Әсіресе жазғы демалыс уақытында  балалар еңбекке баулуды, қоршаған ортаға, табиғатқа қамқорлық жасауды мақсат еткен «Жасыл желек» бау-бақша лагеріне белсене қатысады. Бау-бақшаны күтіп-баптау, уақтылы суару, арамшөптерден арылту үлкен еңбекті қажет етеді. Осындай іске қызым Сымбат та белсене араласып жүр. Жеміс-жидектер мен бау-бақша дақылдарын баптау турасында жаңа ақпаратпен бөлісіп отырады. Бар ынтасымен еңбек етсе ғана жетістікке жететін түсініп келеді.

Райлым Саранова,

Желаев ауылы,

Орал қаласы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале