19 желтоқсанда Үндістанда жыл сайын өтетін конференцияда IT алыбы дәрігерлердің жазуын түсіну жолдарын зерттеу үшін фармацевтермен жұмыс істейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Tech Crunch жазды.
Қазір қолданбаның прототипі бар. Бірақ ол бәріне пайдалануға дайын емес. Тек Google Lens көмегімен рецептті суретке түсіруге немесе оны фотогалереядан жүктеп алуға мүмкіндік береді. Қолданба суретті өңдегеннен кейін қажет дәрі-дәрмектерді анықтап, атын атайды.
Қолданба фармацевт сияқты адамдардың жұмысын толықтырып, қолмен жазылған медициналық құжаттарды цифрландыру үшін көмекші технология ретінде пайдаланылады. Дегенмен шешім тек осы технологиямен алынған нәтижелер негізінде қабылданбайды.