6.09.2022, 16:46
Оқылды: 108

Енді Қазақстанда салық төлемеген такси жүргізушілерінің көлігі тәркіленеді

Бұдан былай жеке такси қызметін көрсететін жүргізушілер кәсіпкер ретінде тіркеліп салық төлемесе көлігі тәркіленеді. Сондықтан мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаумен айналысатын азаматтар міндетті түрде жеке кәсіпкер болып тіркелуі тиіс дейді. Ал талап орындалмаса алдымен 46 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Егер такси жүргізушісі бір жыл ішінде құжатын жасатпаса, айыппұл сомасы екі еселенеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

16

Мемлекеттік кірістер комитеті елде такси қызметін көрсеткісі келетіндер үшін кәсіпкер ретінде тіркелуді міндеттеп отыр. Бұл үшін кірістер комитеті азаматтарға оңтайлы жағдай да жасап қойған. Яғни тасымалдаумен айналысатын әр жүргізуші электронды түрде портал немесе мобильді қосымша арқылы жеке кәсіпкер болып тіркеле алады.

“Егер де такси қызметін жүзеге асыратын болса жеке азамат онда ол міндетті түрде тиісті салық есептілігін тапсырып отырады. Кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін және тиісті салықтарын төлеп отыруы қажет. Егер жеке азамат такси қызметін жүзеге асыра отырып кәсіпкер ретінде тіркелмесе, онда оған айыппұл салынады”, – деп мәлімдеді Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева.

Талапты бұзған азамат алғаш рет ұсталса 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалайды. Бір жыл ішінде бұл заңбұзушылық қайталанса 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақша төлейді.

Ал Ақтауда такси қызметін көрсетіп жан бағып жүрген жүргізушілер мұның тіпті тиімсіз екенін айтады. Сондай-ақ тіркеусіз және рұқсат құжатынсыз адам тасымалдаған жағдайда көлік құралы тәркіленеді. Ал егер жүргізуші таксопарк арқылы қызмет көрсетсе, салықты таксопарк иесі төлеуге міндетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале