1.11.2021, 15:59
Оқылды: 86

Енді қазақстандықтардың жеке деректері ХҚКО қызметкерлерінен де қорғалады

Енді қазақстандықтардың жеке деректері ХҚКО қызметкерлерінен де қорғалады. Бұл туралы Digital Bridge 2021 форумында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

5b05923b14c1686c25812a34191e4fc8

Бұған дейін сіз коды бар хабарлама келгеннен кейін оны ХҚКО операторына айтатынсыз. Енді ХҚКО-дағы немесе мемлекеттік қызметтермен айналысатын басқа ұйымдардағы деректеріңіз операторларға қолжетімді болмайтындай жасағымыз келеді. Яғни операторға сізге келген кодты айтпайтындай жасауды қарастырудамыз. Өйткені операторлар азаматтың жеке сәйкестендіру нөмірін немесе пәтерде кім тіркелгенін қарауы мүмкін. Осындай жағдайлардың болмауы үшін мәліметтер базасында келісім болуы керек. Бұл деректерді қорғау үшін жасалады, – деп айтты министр.

Оның сөзінше, деректерді пайдалануға келісім беруге немесе одан бас тартуға болады.

Егер сіз қандай да бір қаржы институтына немесе бір ұйымға 5 жыл бұрын деректерді өңдеуге келісім берген болсаңыз және қазір оны қайтарып алғыңыз келсе, онда сізде ондай мүмкіндік болуы тиіс. Бұл тек мүмкіндік, біз қайтарып аламыз деп айтпаймыз. Біз әрбір азаматтың жеке деректерінің қорғалғанын сезінгенін қалаймыз, – деп түсіндірді Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин форумда.

BAQ.KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале