Енді саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты құпия болған құжаттар барлық адамға қолжетімді болады. Бұл туралы Ұлттық арна телеграм-каналында жазды.
Фото: pixabay.com
Алматыдағы Президент архивінде осы уақытқа дейін 600 мың құжат болса, екі жылда жаңадан 700 мың құжат қосылған.
«Бұл мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижесі», - деді Мәжіліс депутаты Айдос Сарым.
Қазір қуғын-сүргін құрбандарына қатысты ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарына қаржы бөлінген.