13.06.2026, 15:30
Оқылды: 18

Енді тікелей сату жоқ: жекешелендіру тек e-qazyna порталы арқылы өтеді

Қазақстанда мемлекеттік мүлікті есепке алу, жалға беру және жекешелендіруге қатысты барлық процесс толығымен автоматтандырылып, электрондық форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Орталық коммуникациялар қызметі.

meminsito-online-4208112_1920

Фото: pixabay.com

Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков саладағы ашықтықты арттыру бағытындағы маңызды өзгерістерді жариялады. Оның айтуынша, заңнамалық деңгейде жекешелендірудің бәсекелестіктен тыс түрлері, соның ішінде мүлікті тікелей атаулы сату және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру толығымен алып тасталды. Енді мемлекеттік мүлікті жекешелендіру тек қана «e-qazyna» веб-порталында, ашық электрондық сауда-саттық арқылы ғана жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерге сай, Комитет өз функцияларын цифрлық трансформациялауды белсенді жалғастыруда. Қазіргі уақытта Мемлекеттік мүлік тізілімі арқылы мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру, сондай-ақ сыйға тарту шарттары бойынша мемлекеттің мүлікке құқықтарды иемдену процестері толық автоматтандырылған. Бұл әкімшілік рәсімдердің мерзімін айтарлықтай қысқартып, жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар биыл Комитеттің тағы 9 негізгі функциясын автоматтандыру жоспарланып отыр. Бұл қадамдар артық қағазбастылық пен рәсімдерді жойып, шешім қабылдау уақытын барынша жеделдетуге септігін тигізбек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале