12.09.2022, 14:45
Оқылды: 15

Эндокринолог тәттіге құштарлықты төмендетудің әдісін атады

Тверь қаласы "Ресей темір жолдары медицинасы" клиникасының эндокринологы Анна Куликова тәттіні көкөністер, жемістермен алмастырып, құштарлықты тоқтатуды ұсынды. Ол "Вечерняя Москва" сайтына берген сұхбатында тәттіге деген құштарлықты азайту жолдарын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

WhatsApp Image 2022-09-12 at 10.57.11

Куликованың айтуынша, тәттіқұмарлық аштықты білдіреді, бірақ қарын аш кезде тәтті жеу ағзаға зиян. Тәттілердің құрамында қарапайым көмірсулар бар, олар ас қорыту жолына тез сіңіп, қандағы глюкоза деңгейін жоғарылатады және тез қанықтыру сезімін тудырады. Демек, тәттілер – бұл қуат көзі, бірақ оларды тұтынған соң көп ұзамай адам қайтадан тамақтанғысы келеді. Тәттілердің құрамында көп калория бар, бірақ дене жасушалары үшін маңызды қоректік заттар жоқ.

“Қантты көп тұтыну тәуелділікті тудыруы мүмкін. Оның алдын алу үшін күнделікті ас рационын көкөніс, жеміс және дәнді-дақылдармен әртараптандыру керек. Әрі араға үш-төрт сағат салып, аз-аздан тамақтанған жөн” – деп кеңес берді эндокринолог.

Маманның айтуынша, егер сіз таңертең тәтті жегіңіз келсе, асыңызға құнарлы, майлы тағамдарды қосуыңыз керек. Ал ұйықтауға бір сағат қалғанда, жеңіл тағамдар, сүт өнімдерін қосуға болады.

Куликова тәттілер мен қант астың күнделікті калория мөлшерінің 5-10 пайызын құрайтынын түсіндірді, одан асыруға болмайды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале