Қазақстандықтар enpf-otbasy.kz сайты жұмысындағы олқылықтарға шағымданады. "Отбасы банк" пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ең төменгі жеткілікті шек деңгейі сәуірде өзгереді. Желі қолданушылары enpf-otbasy.kz сайтына кіруде проблемалар туындап жатқанын айтқан. Бұл платформа арқылы зейнетақының бір бөлігін "Отбасы банкіне" аударуға болады.
Бір күн бұрын "Отбасы банк" enpf-otbasy.kz сайтына кіруде қиындықтар туындауы мүмкін екенін ескерткен болатын.
"Достар, өтініштердің көптігіне байланысты enpf-otbasy.kz платформасының өнімділігі төмендеп жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді банк өкілдері.
Кейінірек "Отбасы банк" IT мамандары платформаның жұмыс істеуі үшін бар күш-жігерін салып жатқанын мәлімдеді.