26.05.2023, 17:25
Оқылды: 115

Ерекше қабілеті бар балалардың жазғы демалысына баса назар аударылады

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Әсіресе осал топтағы отбасы балаларының үйірмемен, жазғы лагерлермен қамтамасыз етілуі және жазғы уақытта бала еңбегін ұйымдастыру туралы және жаңартылған кеңес құрамының алдағы жұмысын ұйымдастыру, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі қаралды.  

cde504f9-8acf-412b-a888-b0c2c3147c8a

Отырысты «AMANAT» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев жүргізіп, жаңартылған кеңес құрамына Партияның Орталық аппараттың келісімімен №42 «Ақ ниет» гимназиясының директоры, Орал қалалық мәслихатының депутаты, қоғам белсендісі, кеңестің жаңа құрамының төрағасы Азима Ғұбашеваны таныстырды.

Айта кету керек, сайлау науқанынан кейін партия жанындағы қоғамдық кеңестер жұмысын бастап, сайлауалды бағдарламадағы әр салаға қатысты бағыт бойынша орындалуын бақылап, қоғамдағы сол салаға қатысты түйткілді сұрақтарды да назардан тыс қалдырған емес.

7448a293-6a3a-4194-8bb7-e59a69829450

Жалпы атаулы кеңес 2018 жылдан бері қызметін жалғастырып келеді. Азамат Сафималиев кеңестің төрағасы қызметін 5 жылдай атқарған Ляна Тұрсыноваға «AMANAT» партиясы төрағасы атынан және облыстық филиал басшылығы атынан алғыс хат табыстап, алдағы жұмысына табыс тіледі. Сонымен қатар бұрынғы кеңес мүшелеріне алдағы жұмыстарына табыс тілеп, облыс басшылығы атынан алғыс хаттар табысталды.

Бес жылда біршама жұмыс атқарылды. Осы жылдар ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қол жетімділігі бойынша 1000-нан астам нысанға мониторинг жүргізілді. 1000-ға жуық бала ауласының алаңында жарықтандыру, бақылау камералары, аулалардағы электр қалқандары, кәріз люктері тексерілді. Олардың көпшілігі рейд кезінде ашық болды. Бұл балалар мен қарттарға қауіп төндірді. Біздің барлық ескертуіміз ескеріліп, жойылды.

58971e7f-afcc-4ad9-ad4a-a09eec312931

2018 жылдан бастап кеңестің 30-дан астам жоспарлы отырысы және кезектен тыс жұмыс кеңестері өткізілді. 500-ден астам рейд пен мониторинг өткізілді. Күн тәртібіне халықты әлеуметтік қорғауға қатысты 90 мәселе шығарылды.

Кеңес мүшелері балаларды психологиялық қолдау қызметін дамыту, суицидтің алдын алу, білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықты анықтау жөніндегі бірыңғай кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде бірлескен күш-жігермен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін 38 пайызға төмендетуге қол жеткізді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық білім басқармасының өкілдері және Орал қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Ерболатұлы Қайырлиев сөз сөйледі.

Олардың айтуынша, биылғы жазғы оқу демалысында облыс аумағында 575 лагерь ашылып, 101 мыңнан астам бала тынығады. Енді олармен қатар, мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен отбасылардың балалары да қамтылады. Сонымен қатар биыл жазғы демалыс лагерьлерінде мүгедек балаларға да көбірек көңіл бөлінеді.

Кеңес мүшелері бұл ретте лагерьлерден танымдық сипаттағы үйірмелер ашып, жасөспірімдерге барынша қолайлы жағдай жасалуы керектігіне баса назар аударды.

- Біз барлық тараптарды тыңдадық. Балалардың үйлесімді дамуы, тәрбие және білім беру міндеттерін іске асыру барлығымыз үшін, қоғам үшін  маңызды болып қала бермек. Атап өтсек, ерекше қабілеті бар балалардың жазғы демалысына баса назар аударуымыз қажет. Барлық мемлекеттік органның өкілдеріне кеңес жұмысына қатысқаны және өзекті мәселелерді талқылағаны үшін алғыс айтамын. Бірлесе жұмыс атқаруға шақырамын, - деп жиынды қорытындылады Азима Зиннатқызы.

Күн тәртібінде көтерілген барлық мәселеге жауапты мекемелерге жолданып, партияның қатаң бақылауында болады.

 

 

«AMANAT» партиясының

БҚО-дағы филиалының баспасөз қызметі

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале