11.10.2021, 18:18
Оқылды: 66

Ерекше қажеттіліктері бар жандарға көмек көрсететін орталық ашылды

Оралда ерекше қажеттіліктері бар жандарға көмек көрсететін орталық ашылды. Атап айтқанда, "Протездеу және ортопедия орталығы",  ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға консультациялық және психологиялық қолдау көрсетілетін "Тең қоғам" әлеуметтік қолдау орталығы.

D242787C-965A-4B6B-830C-270D9DB13A39

«Шаңырақ» БК » ЖШС хабарлағандай, жоба Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесетін жаңа қазақстандық-ресейлік "Салют Орто KZ" кәсіпорнының қолдауымен іске қосылған. Аталған кәсіпорын инклюзивті қоғам құрудың пайдасына жұмыс істеп, қазіргі заманғы протездеуді жүзеге асырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді технологияларды туғызумен айналысады.

06B5D5A3-213A-42B6-96E8-5668071A0ACB

«Кәсіпорын «Сколково» инновациялық орталығының әзірлемелері негізінде жұмыс жасайды. Сондай-ақ ресейлік және неміс өндірушілерінің технологияларын қолдана отырып, модульдік функционалды протездер шығарады. Басты мақсат - мүмкіндігі шектеулі жандардың жайлы және бақытты өмір сүруіне көмектесу. Орталық протездерді өз қолдарымен жасаудан басқа, мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделуге көмек көрсетеді, жаяу жүру сабақтары, массаж, психологиялық дайындық жүргізеді. "Салют Орто KZ" ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсетудің барлық түрін бір жерге шоғырландырады, сондықтан біз «Патронат мектебі» сапалы көмек көрсетуді үйретуге жауапкершілік алдық», - делінген хабарламада.

843E114B-9358-42DD-893B-32FC46B78C19

Айта кетейік, мұқтаж жандарға білікті көмек көрсететін орталық Орал қаласы, Аманжолов көшесі, 57/1 мекен жайында орналасқан.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале