6.02.2017, 14:29
Оқылды: 45

Ереже бұзған жүргіншілерді көлік қағып кетті

kolik kakti  Ақпанның алғашқы күні Орал қаласындағы Әбілхайыр хан даңғылы бойында 1989 жылы туған азамат «Лада» маркілі автокөлігімен белгіленбеген жермен жүгіріп өтпекші болған 1995 жылғы жаяу жүргіншіні жол үстінде қағып өткен.


  Жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алған жүргінші облыстық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды.

  Сол күні Московская көшесінің бойында «Renault Logan» маркілі автокөлікті тізгіндеген 1956 жылы туған азамат 34 жасар әйелді қағып кеткен. Ол да жолдың белгіленбеген жерінен өтпекші болғаны белгілі болды. Екі жағдай бойынша да ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөліміне (жол қозғалыс ережелерін бұзушылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды, автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.

  Жоғарыдағы фактілерді ескере отырып,  Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті облыс тұрғындарына жол үстінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале