26.01.2024, 0:00
Оқылды: 89

Еріктілер тобы қар тазалауға үлес қосты

Қыс басталғалы облысымызда қар қалың түсті. Қар тазалау әсіресе жалғызбасты, мүгедектігі бар қарияларды әбігерге салатыны анық.

IMG-20240125-WA0054

Осы ретте БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жаңынан құрылған еріктілер тобы желтоқсан айынан бастап ауылдық округтердегі қарттардың ауласын және саябақтар мен көшелерді тазалауға қол ұшын созды.

Осы уақытқа дейін еріктілер ауылдық округтің саябақтары мен көшелерін тазалап, 17 үйдің қарын тазалауға көмек көрсетті.

Ауыл ақсақалдары орталық жанынан құрылған еріктілердің жұмысына өз ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

Айдана Жақсылықова,

БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале