Дүниежүзілік туризм күнін әлемнің көптеген елі 30 жылдан астам уақыттан бері тойлайды. Елімізде туризм саласы кенжелеп қалғасын бұл күнді көбінесе сол сала мамандары атап өтеді.
Оралда осы олқылықтың орнын толтыратын шара өтпек. 27 қыркүйек – Бүкіләлемдік туризм күні Астана қаласының 20 жылдығына арналған ерекше байқау ұйымдастырылады.
Бұл күні Орал қаласының музейлерін тегін тамашалауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, оралдықтар мен қала қонақтарын квест бағдарлама, байқаулар және сыйлықтар күтіп тұр.
Музейлерді құр аралап қоймай, селфи жасау арқылы байқауға қатысуға болады. Байқау талаптарын инстаграм желісіндегі @ticwestkaz парақшасынан білуге болады.
-Жастардың музей сияқты мәдениет ордасынан гөрі көңіл көтеретін орындарды жақсы білетіні бізді қатты ойлантты. Бұл байқау жастар үшін танымдық, тәрбиелік, патриоттық шара болмақ,-дейді ұйымдастырушылар.
zhaikpress.kz