5.11.2024, 15:15
Оқылды: 38

Ертең Үкімет отырысы өтеді

Сәрсенбі, 6 қараша күні, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

IMG_9397

Күн тәртібінде:

• Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шаралары; 

• Үкіметтің 2025 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасы.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мен денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале