Сейсенбі, 26 қараша күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
• теміржол саласы мен транзиттік әлеуетті дамыту;
• IT саласын дамыту шаралары.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Отырыс қорытындысы бойынша көлік министрі Марат Қарабаев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.