Ертең сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, Қазақстан Республикасы «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңдарының жобалары, геология саласын дамыту мәселелерә қаралмақ.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналынан көре аласыздар.