5.05.2022, 10:30
Оқылды: 92

Ержанованың ерлігі

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатырған ХХIV жазғы сурдлимпиадалық ойындарға ҚР құрама командасы да қатысты. Ел намысын қорғаған спортшылар қатарында батысқазақстандық Дина Ержанова сурдо-дзюдодан 52 келі салмақта қола жүлдеге ие болды.

7

Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметі бойынша, Дина Аралбекқызы 2018 жылдан бастап мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубында тұрақты шұғылданып келеді. Қайсар бойжеткен бұған дейін сурдо-дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионы, Қазақстан Республикасы Кубогінің иегері атанған. 2021 жылы Франция мемлекетінің Версаль қаласында өткен әлем чемпионатына қатысты.

8

Дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері Дина Ержанова Бәйтерек ауданының Мичурин ауылында тұрады. Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының түлегі бүгіндері Орал қаласының жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінде дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алуда. Динаны тәжірибелі бапкерлер – Теміржан Хасанғалиев пен Арман Байенов жаттықтырып жүр.

Нұртай Алтайұлы,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале