3.08.2022, 9:15
Оқылды: 50

Есімі аңызға айналған Қазақстан футболшылары «Super Bol!»-мен матч өткізеді

«Super Bol!» әлеуметтік футбол жобасының ойыншылары Қазақстанның 2006-2008 жылдардағы құрамына қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220803085726948e

Ойын 7 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Оған Матчқа арнайы түрде нидерланд маманы Арно Пайперс, мадридтік «Реал» мен миландық «Интердің» экс-ойыншысы Эстебан Камбьяссо келеді.

Қазір «Super Bol!» Талғардағы ұлттық құрама базасында дайындалып жатыр. Апта сайын олар жолдастық кездесулер өткізуде. Бірақ жас футболшыларға нағыз емтихан – бала кездегі кумирлеріне қарсы ойнау. Қазақстан құрамасы атынан алаңға Самат Смақов, Давид Лория, Нұрбол Жұмасқалиев, Андрей Карпович, ағайынды Азовскийлер, Фархадбек Ирисметов, Дмитрий Бяков, Александр Кучма, Максим Жалмагамбетов, Қайрат Әшірбеков, Данияр Мұқанов, Сергей Бойченко, Юрий Новиков, Игорь Солошенко, Руслан Балтиев, Эдуард Сергиенко және 2006-2008 жылдары ұлттық құрама сапында болған басқа да ойыншылар шығады.

Ардагерлердің бас бапкері бұрынғыша Арно Пайперс болмақ. Матчтың шоқ жұлдызы – мадридтік «Реал» мен миландық «Интердің» экс-ойыншысы Эстебан Камбьяссо. Ол әрі Қазақстанның жұлдыздар құрамасында өнер көрсетеді.

Айта кетейік, «Super Bol!» жас футболшылар жобасын ҚР Президенті жанындағы Dara дарындыларды қолдау қоры және Freedom Broker инвестициялық компаниясы қолға алған. Матч Qazsport арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Билеттерден түскен қаржы қайырылымдылыққа жұмсалады.

Ойын 7 тамыз күні Алматы Орталық стадионында сағат 20:00 басталады. Билеттер ticketon.kz сайтында сатылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале