Ұлттық қауіпсіздік комитеті «жұтқыштар» деп аталатын Қазақстанға есірткі жеткізу контрабандасын ұстады.
Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: gov.kz
Ақтау қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстады.
Жолаушылардың іш қуысына рентгеноскопиялық зерттеу істеген кезде бөгде заттардың бар екенін көрсетті. Арнайы медициналық тәсілдермен шетелдіктердің асқазандарынан апиын тобының есірткісінен тұратын 295 контейнер шығарылды. Алынған заттардың жалпы салмағы 2 келіден артықты құрады.
Сот шешімімен фигуранттар қамауда отыр.
Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.