9.08.2022, 9:30
Оқылды: 86

Есірткіге елтігендер...

Полиция қызметкерлері Орал қаласының тұрғынынан «трамадолдың» 1000-нан астам таблеткасы мен есірткіге ұқсас өзге де препараттарды тәркіледі.

5

Айта кетелік, облыстық полиция департаменті құрамында мас болуды тудыратын заттары бар фармакологиялық препараттардың заңсыз сауда нүктелерін анықтау мен оны жою бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізуде.  Жуырда тыйым салынған сондай таблеткаларды рецептісіз сатқан 1961 жылы туған К. есімді азаматша өз пәтерінде (Жақсығұлов көшесі) ұсталды. Санкцияланған тінту жүргізу барысында 1 270 дана «Трамадол» таблеткасы, 10 мл-ден 89 «Трапикамид» құтысы және 5 мл-ден 68 сауыт табылды. Әрі одан 10 мл-ден 86 «Мидакс» құтысы тәркіленді. Сондай-ақ «Қара сора - 2022» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде 1977 жылы туған Ж. есімді тұрғыннан ерекше иісі бар өсімдік тектес сұр-жасыл түсті полиэтилен түйіншек шықты. Сараптама қорытындысында әлгі алынған зат кепті­рілген марихуана (салмағы 3,77 гр) екені анықталды. Қазір аталған екі факті бойынша да ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары  басталды.

Облыстық полиция департаменті жекелеген үйлер мен пәтерлерде есірткі заттарын және «Трамадол», «Тропикамид», «Мидакс» сияқты дәрі-дәрмектер сататын адамдар барын білетіндер болса, олардың мекенжайларын жедел хабарлауды сұрайды.

Жоғарыда көрсетілген препараттарды рецептісіз беретін дәріханаларды да назардан тыс қалдырмаған дұрыс.

Бауыржан Махутұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале