17.04.2022, 17:44
Оқылды: 119

Эстония билігі өз порттарына Ресей кемелерінің тоқтауына тыйым салды

Эстонияның экономика және инфрақұрылым министрлігі ЕО санкциялары аясында 17 сәуірден бастап Ресей кемелеріне елдегі порттарға тоқтауға тыйым салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

258c1656d9b34dd1b4a51cbc46f30d5d

Бұл - алдында Еуропалық Одақ мақұлдаған санкциялық шаралардың бірі. 24 ақпаннан кейін Ресей туын басқаға ауыстырған кемелер үшін де Еуропалық Одақ порттары жабық, деп ресми хабарламадан РИА Новости дәйексөз келтіреді.

Тек апатқа ұшыраған Ресей Федерациясының туы бар кемелер ерекше жағдайларда Эстония порттарына көмек көрсету қажеттігін алдын ала анықтаушы полиция және шекара күзеті департаментінің рұқсатымен кіре алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале