27.12.2018, 0:03
Оқылды: 75

«Еуразия даңғылындағы 3 үй бұзылады»

AQJAIYQ телеарнасында тікелей эфирде өткен «Әкім сағатында» облыс әкіміне қала тұрғыны Гүлжан Өтегенова: «Локомотивная, 59/1 мекенжайында 18 жылдан бері тұрамын. Үй 1954 жылғы. Көршілер жөндеу жүргізген сайын үйімізге залал келуде. Бұл үй қашан бұзылады?» деген сауалын жолдады.

IMG_2515-Қазір апатты деп танылған 44, ескірген 200 үй бар. Біріншіден, жөндеуге келетін үйлерге арналған ТҮКШ-ті жаңғырту бағдарламасы бар. Жылына он шақты үйге күрделі жөндеу жасалады. Ал апатты үйлерді бұзудан басқа амал жоқ. Олар жеке меншік болғандықтан бюджет қаржысын бөле алмаймыз. Сондықтан мемлекет-жеке меншік серіктестігі арқылы инвесторлар мәселені шешуге көмекке келеді. Біз инфрақұрылым жағынан көмек береміз, инвестор өз қаржысына құрылысты жүргізеді. Апатты үй иелері жаңа үйден пәтер алады. Мәселен, былтыр Гагарин көшесінде бұзылған апатты үй орнына тоғыз қабатты үй салынды. «7-20-25» бағдарламасы арқылы бұл баспаналар иелерін табуда. Қаңтар айының басында бұл отбасыларға кілт табысталады. Бұл жұмыстар алда да жалғасады. Ал Локомотивная көшесіндегі үйге сараптама жасау керек. Әр үйдің жағдайы бөлек қаралады. Алдағы жылы Еуразия даңғылындағы Мұз сарайдан әрі Гагарин көшесіне қарайғы 3 үй бұзылады. Тұрғындар уақытша қай жерге көшірілетіні де ойластырылды. Сөйтіп апатты үй орнына жаңа зәулім үй бой көтереді,-деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Құрманғазы көшесі бойындағы 9 қабатты үй де қаңтар айында пайдалануға берілмек.

Еске сала кетсек, апатты жағдайдағы үй мәселесін шешу жөнінен БҚО-дағы 2015 жылдан бері жүзеге асып жатқан бұл жүйені ҚР Президентінің Әкімшілігі ең озық жұмыс деп таңдады. 2015 жылдан бастап осы жүйемен 11 апаттық үй бұзылып, оның орнына 2 үй салынды. 48 отбасы жаңа пәтерге көшті. Ал 113 отбасы уақытша қоныс аударылды. Тағы 6 үй салынуда.

Нұрлыбек Рахманов,

© zhaikpress.kz

IMG_2755

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале