2.09.2021, 16:22
Оқылды: 36

Еуроодақ АҚШ және тағы бес елден кіруге шектеу енгізді

Еуропалық Одақ (ЕС) Америка Құрама Штаттары және тағы бес елден кіруге шектеу енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еуроодақ Кеңесінің сайтына сілтеме жасап.

 ев

Құрама Штаттардан басқа, тізімнен Израиль, Ливан, Черногория және Солтүстік Македония алынады. Сондай-ақ тізімнен Косово алынғаны туралы бөлек көрсетілген. ЕО-да Косовоны ел емес, «аумақтық билік» деп атайды, бұған Еуропалық одаққа мүше елдердің кейбіреулері Косовоны тәуелсіз мемлекет деп танымауы себеп. Бұл ретте ЕО Кеңесінде басқа елдердің өздерінің қарауы бойынша вакцинаны толық алған азаматтары үшін сапарға шектеулерін алып тастай алатынын атап өтті. Қазіргі кезде міндетті емес сапар жасау мүмкін болатын елдер мен аумақтар тізімінде 17 мемлекет бар, бұлар: Армения, Әзербайжан, Молдавия, Украина, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада, Иордания, Албания, Сербия, Босния және Герцеговина, Сауд Арабиясы, Катар, Бруней, Сингапур, Оңтүстік Корея және Жапония.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале