12.01.2022, 18:00
Оқылды: 106

Еуропа халқының 50% астамы коронавирустың «омикрон» штамын жұқтыруы мүмкін

Алдағы 1 – 1,5 айда Еуропа халқының 50% астамы коронавирустың «омикрон» штамын жұқтыруы мүмкін. АҚШ-та коронавирус жұқтырудың антирекорды тіркелді. ҚазАқпарат әлемдегі ахуал туралы Қазақстанда КВИ-дің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

10

Алдағы 6-8 аптада Еуропа халқының 50% астамы коронавирустың «омикрон» штамын жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық бөлімінің басшысы Ханс Клуге Вашингтон Университеті денсаулық көрсеткіштері мен бағалау институтының болжамына сілтеме жасап хабарлады. Ол қазір Еуропа мен Орталық Азияның 50 елінде «омикрон» инфекциясы анықталғаны туралы мәлім етті.

Австрия Канцлері ақпан айында коронавирусқа қарсы міндетті вакцинацияны енгізу жоспарын растады. Карл Нехаммердің айтуынша, тиісті заң жобасының парламенттік сараптамасы аяқталды. Ұсыныстарды ескере отырып, құжатты «қабылдау» қалды. «Менің ойымша, міндетті вакцинация қажеттілігі күмән тудырмайды», — деді Нехаммер.

Өткен тәулікте әлемде коронавирус жұқтырудың анықталған жаңа жағдайларының саны 3,28 миллионнан асты. АҚШ-та коронавирусқа шалдығудың тәуліктік саны бойынша барлық елдер арасында антирекорд тіркелді — 1,48 млн адам. Сондай-ақ Израильде COVID-19 жаңа жағдайларының ең көп саны анықталды – 37 887.

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале