17.11.2021, 16:20
Оқылды: 99

Еуропада газ бағасы тағы да рекорд жаңартты

Еуропадағы газ бағасы мың текше метріне 1150 доллардан асып, тағы бір рекордты жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_89866

Нидерландыдағы TTF хабындағы желтоқсан фьючерстерінің құны мың текше метр үшін 1150 долларға немесе мегаватт/сағат үшін 102,5 еуроға дейін көтерілді. Бұған ICE биржасының мәліметтері дәлел.

Сауда-саттықтың ашылуында баға мың текше метріне 1133,4 долларды құраса, көп ұзамай 1166 долларға дейін көтерілді. Үш күнде ішінде баға 20 пайызға өсті.

Бұған дейін қыркүйектің ортасында Еуропада газ бағасы мың текше метр үшін 850 долларға дейін көтерілген болатын.  2018 жылдың наурыз айында баға 969 доллар болатын. Мұндай қымбатшылықтың себебі - Еуропаның жерасты қоймаларындағы газ қорының аздығы. АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Еуропаға биылғы қыста газ жетпеуі мүмкін деп болжап отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале