14.04.2025, 17:15
Оқылды: 195

ЕХРО көрме орталығында Automechanika Astana 2025 халықаралық көрмесі өтеді

Орталық Азиядағы ең ауқымды индустриалды іс-шараға 22 мемлекеттен 350-ден астам мекеме қатысады. Қатысушылар автокомпоненттер, техникалық қызмет көрсету және көлік технологияларындағы инновацияларды ұсынады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті жазды. 

WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.10.27

Сурет: gov.kz

 

Журналистерге сұхбат сағат 10:30-да өтеді. 11.00 салтанатты ашылу рәсімі.

Іскерлік бағдарлама аясында көлік саласының аймақтық және жаһандық трендтері, өндірісті жергіліктендіру, цифрлық шешімдер мен инвестициялық мүмкіндіктер талқыланады.

Көрменің басты аймақтары:

Automechanika Live Stage — шеберлік сабақтары, сарапшылар пікірлері мен интерактивті форматтағы платформа

SIM Racing — кәсіби автосимуляторлармен виртуалды жарыс аймағы

Эксклюзив автокөліктер аймағы — Қазақстандағы ең сәнді және заманауи автокөліктердің бірегей көрмесі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале