19.12.2022, 10:15
Оқылды: 55

Филиппин астанасында болған өрт кезінде 7 адам қаза тауып, 3 адам жоғалып кетті

Филиппин астанасы Манилада жексенбі күні таң ата екіқабатты ғимараттан шыққан өрт салдарынан кемінде 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

IMG-20221219-WA0005

Өрт Манила агломерациясына кіретін Мунтинлупа қаласында жергілікті уақытпен таңғы сағат 09:00-де тұтанған. Өрт 23 минуттан соң сөндірілді.

Өрттің шығу себебі бойынша жүргізілген алдын ала тергеу қорытындысына сәйкес, үйде 10 мүшесі бар отбасы тұрып жатқан. Өрт сөндірушілер із-түзсіз кеткен 3 адамды іздестіріп жатыр. Олардың өрт кезінде ғимаратта болған-болмағаны белгісіз.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале