20.12.2021, 9:30
Оқылды: 46

Филиппиндегі Odette тайфуны салдарынан қайтыс болған құрбандар саны 208-ге жетті

Филиппиндегі Odette тайфуны салдарынан қайтыс болған құрбандар саны 208-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

d3829c7fa749cdf6f5474ea6910d937c

Бұған дейін жергілікті БАҚ тайфун салдарынан 75 адам қаза тапқанын, 50 адам хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған болатын. Полиция қызметкерлерінің кейінгі мәліметтері бойынша, тайфун архипелагтың оңтүстік және орталық аудандарына әсер еткеннен кейін апат құрбандарының саны 208-ге жетті, кем дегенде 239 адам зардап шекті, 52 тұрғын хабар-ошарсыз кетті.

Франс Пресс агенттігі тайфун елдің кейінгі тарихындағы ең жойқын оқиғалардың бірі болғанын хабарлады.

Тайфун 16 желтоқсанда Филиппинде көшкін мен су тасқыны қаупін тудырды. БАҚ барлық дерлік рейс, теңіз қатынасы тоқтатылғанын хабарлады. 300 мыңнан аса адам эвакуацияланды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале