Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары 16 жастағы қызды іздеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Суреттер: Түркістан облысы ТЖД
Департамент мәліметінше, 28 шілдеде сағат 10:41-де Түркістан облысы ТЖД кезекші пультіне «Сайрам-Өгем» аумағына Қасқасу ауылынан 15 шақырым қашықта, Сайрам-су таулы өзенінде сағат 10:00-де қыз суға батып кеткені туралы ақпарат түскен. Достарының айтуынша, ол фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлаған.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 37 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 техникасы, Түркістан облысы ПД 6 қызметкері және 3 техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 11 қызметкер жұмылдырылды.
«Түркістан облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады», - деп жазылған хабарламада.