11.04.2022, 11:45
Оқылды: 106

Франциядағы президент сайлауында Макрон мен Ле Пен екінші турға өтті

10 сәуір, жексенбі күні өткен Франциядағы президенттік сайлаудың бірінші турының нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

53

Қазіргі президент Эммануэль Макрон 27,4 % дауыс жинап, жеңіске жетті.

Екінші орында «Ұлттық қауымдастық» партиясының төрағасы Марин Ле Пен, ол 24,0 % дауыс иеленген.

Сарапшылардың болжауынша, саяси науқанның бірінші турындағы сайлаушылар саны салыстырмалы түрде төмен болып шықты – 74,84 %. Бұл көрсеткіш 2007 жылғы сайлауда 83 %-дан астам болған.

Президенттік сайлаудан шығып қалған үміткерлердің көпшілігі өз жақтастарын екінші турда Эммануэль Макронды қолдауға шақырды.

Сайлаудың екінші кезеңі екі аптадан кейін – 24 сәуір күні өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале